Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің қоғамдық қауіпсіздіктің қылмыстық қатерлері мен тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-да зиянды файлдарды таратады. Алдау схемасы өте қарапайым: сіз Telegram-да кітаптардың үлкен кітапханасына шектеусіз кіру туралы хабарлама аласыз. Қажетті басылымды сұрағаннан кейін, нақты қызметке еліктейтін бот кітаптың сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқудың немесе жүктеудің орнына Сізге "арнайы бағдарлама" деген атпен вирустық файлды жібереді. Файлды орнату маңызды салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаны ұрлау, корреспонденциялар мен фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтықтан басқару және жеке деректерді жоғалту. Үшінші тарап қолданбаларын бейресми көздерден орнату теріс салдарға әкелуі мүмкіндігін есте сақтау маңызды. Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық мұндай қауіптерден қорғаудың негізгі шаралары болып қала береді.
Жаңалықтар
Абайлаңыз алаяқтар.
Қаралды: 3





